2014 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындардың алауы Мәскеуге жеткізіледі

2014 жылғы ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындардың алауы бүгін Афиныдан Мәскеуге жеткізіледі, одан кейін Ресей астанасында бұқаралық мереке өтеді. «Внуково-3» әуежайынан мотоциклшілер кортежі алауды Қызыл алаңға дейін алып жүреді.
Мәскеу уақытымен 16.00-де Ойын алауының жеткізілуіне байланысты мерекелеу салтанаты басталады, ал 16.45-те Олимпиада тостағанында алауды тұтату рәсімі өтеді. Одан кейін алаугерлер оны Мәскеу Кремлі аумағында алып жүреді. Олардың арасында Ресейдің белгілі спортшыары бар.
7 қазанда ел астанасынан ең ауқымды олимпиадалық ұлттық эстафета басталады. Олимпиада алауы 2,9 мың елді мекенде болып, эстафета 123 күнге созылады және 65 мың шақырымнан астам қашықтықты еңсереді. Олимпиада алауы эстафетасы 2014 жылы 7 ақпанда Сочиде мәреге жетеді.