2014 жылы еліміздің барлық өңірінде 50 орта мектептің құрылысы басталады - А. Сәрінжіпов

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі алдағы жылы еліміздің барлық өңірінде 50 орта мектептің құрылысын бастауды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстанда білім және ғылым саласын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттары бойынша өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

2014 жылы еліміздің барлық өңірінде 50 орта мектептің құрылысы басталады - А. Сәрінжіпов
«Біздің ұсыныс қолдау тапқан жағдайда, алдағы жылғы бюджетте барлық өңірілерінде 50 мектептің құрылысын бастау жоспарланған. Біз бұл жұмысты жүргізе отырып, құрылыстың сапасы мен уақытыл мерзімін бақылаймыз», - деді министр. Мұнымен қоса, аталған ведомство оқытудың мазмұнын жаңартуды жаспарлап отыр. Сонымен қатар министрлік мектептердің кадрлық әлеуетін күшейтуге, оларды басқару жүйесін жетілдіруге, ауылдық жерлердегі мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуға білек сыбана кіріспек.