2014 жылы ТМД-да Украина төрағалығы ұйымды нығайтуға және дамытуға жәрдемдесетін болады - Н.Назарбаев

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - ТМД-ға Украинаның келесі жылғы төрағалығы Достастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға жәрдемдесетін болады, деп мәлім етті бүгін Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы мемлекеттер басшыларының шағын құрамдағы отырысының қорытындылары бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

2014 жылы ТМД-да Украина төрағалығы ұйымды нығайтуға және дамытуға жәрдемдесетін болады - Н.Назарбаев

Президент 2014 жылғы ТМД төрағасы туралы бірлескен шешім қабылдануына осындай түсініктеме берді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сонымен бірге Минскідегі отырыста бірқатар шешімдер қабылданды, олардың арасында Алматы мен Ошты 2014 жылғы ТМД мәдени астаналары, сондай-ақ келесі жылды Достастықтағы туризм жылы деп жариялау бар.

Сондай-ақ президенттер 2015 жылды ТМД-дағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері жылы деп жариялау және Достастық аумағында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына бірыңғай мерейтойлық марапаттар белгілеу туралы шешімдер қабылданды.