2015 жылдың қаңтарында Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 22,6 млн. долларды құрады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қаңтарында Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 22,6 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің сайтында көрсетілген.
None
None

«2015 жылғы қаңтарында Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 22,6 миллион АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт үлесі 8,5 миллион АҚШ доллары немесе 37,6 пайыз, импорт 14,1 миллион АҚШ доллары немесе 62,4 пайыз болды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтарында Ресей Федерациясына экспорт 8,5 миллион, импорт - 13,9 миллион АҚШ долларын құрады. Ал, осы мерзімде Беларусь Республикасынан импорт 0,2 миллион АҚШ доллары болды», - деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар