2015 жылы жиналатын астық көлемі былтырғыдан кем болмайды - ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нан бағасының тұрақты болуы үшін Үкімет тарапынан тиісті шаралар атқарылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті.
None
None

«Биыл жиналатын астық көлемі өткен жылғы деңгейден кем болмайды деп жоспарлап отырмыз. Ал нанның бағасына тоқталатын болсақ, қазіргі кезде барлығы арзандап жатыр (жанар-жағармай бағасы). Сондықтан, нан бағасы бүгінде көтеріліп жатқан жоқ. Ал нан бағасы өсетін жағдай туындаса, Үкімет тарапынан тиісті шаралар қолданылады»,-деді минстрдің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 17,2 млн. тонна астық жиналған болатын. Айта кетейік, 2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 21,5 млн. гектар алқапқа салынбақ. Көктемгі егіс алқабы 18,5 млн. гектарды құрайды. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 15,2 млн. гектарға, оның ішінде бидай 12,2 млн. гектарға салынады.

Соңғы жаңалықтар