2016-2020 жылдары жобалардың 90 пайызын жекеменшік нарыққа беру жоспарланып отыр - Мемлекет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016-2020 жылдары жобалардың 90 пайызға дейінін жекеменшік нарыққа беру жоспарланып отыр. Бұл туралы «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Құрылыс саласында құрылыс салушылардың бүкіл рұқсат беру ресімдерін «бір терезе» қағидаты бойынша өту үдерісін реттейтін бірегей нормативтік құжат қабылданады. Сараптаманың жекелеген түрлері, жұмыстың технологиялық күрделілігіне байланысты, жеке секторға берілетін болады. 2016-2020 жылдары жобалардың 90 пайызға дейінін жекеменшік рынокқа беру жоспарланып отыр», - деді Президент.

Мемлекет Басшысының сөзі бойынша, сол сияқты құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісіне көшу де жоспарланған, ол құрылыс материалдарының, жұмыс күшінің және басқа да қызметтердің ағымдағы нарықтық құнын ескеруге жағдай жасайды.

Оның сыртында 2015 жылдың 1 шілдесінен еурокодтарға негізделген жаңа құрылыс нормалары іске қосылғанын да еске салды.

«Туризм сияқты перспективалы салада негізінен әкімшілік кедергілерді төмендету, жаңа туристік нысандар мен маршруттарды дамыту, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру есебінен айтарлықтай өсімге қол жеткізу қарастырылуда», - деп жазды Елбасы аталған мақалада.

Соңғы жаңалықтар