2016 жылдан бастап аймақтар форумы «Қазақстан-Ресей-Беларусь» үштігі форматында өтеді
«Беларусь пен Ресейдің аймақтар форумына болашақта Қазақстан қосылуы мүмкін. Үшжақты форматқа біз 2016 жылы шығамыз деген болжам бар», - деді В.Матвиенко. Өз кезегінде Беларусь Республикасы кеңесінің төрағасы Анатолий Рубинов форумның аймақтар ынтымақтастығына жаңа серпін бергенін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, шара аймақтар мен кәсіпорындар басшыларына нақты жобалар туралы келісімге келуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды interfax.by. Ол сонымен бірге, Беларусь пен Ресейге «тек азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ агроөнеркәсіп өндірісі өнімдерін экспорттың қайнар көзіне айналдыру керектігі» жайлы айтты. Айта кетейік, «Беларусь пен Ресейдің агроөнеркәсіп кешендерін тиімді дамыту» - Одақтық мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды шарты» тақырыбындағы аймақтардың алғашқы форумы Минск қаласында 5-6 маусым күндері Беларусь Республикасы Кеңесінің төрағасы Анатолий Рубинов пен РФ Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенконың төрағалығымен өтуде. Форумда ынтымақтастық туралы екіжақты құжаттарға қол қойылды.