2016 жылдың 1 ақпанынан Армения ЕЭК алқасына төрағалық етеді

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 1 ақпанынан Арменияның бұрынғы Премьер-Министрі Тигран Саргсян Еуразиялық экономикалық комисия алқасына төрағалық етеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай курорттық аймағында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күн тәртібінде 15 мәселе болды. Біз шағын құрам барысында осы барлық 15 мәселені қарадық. Біз келесі жылдың 1 ақпанынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасына Армения төрағалық етеді деп шешім қабылдадық. Сонымен қатар біз Виктор Христенкодан кейін біздің комиссиямызды кім басқаратынын да анықтадық. Ол Арменияның бұрынғы премьер-министрі - Тигран Саргсян», - деді Беларусь Президенті.

Сонымен қатар А.Лукашенко Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мәскеуде өтетіндігін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар