Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2016 жылғы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтетін жерде саперлер күдік тудырған қорапты жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарылғыш заттарды залалсыздандыру бойынша мамандар 2016 жылғы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтетін Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионынан табылған күдік тудырған қорапты жарды.

2016 жылғы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтетін жерде саперлер күдік тудырған қорапты жарды

Аспаптарға арналған қорапты жарылғыш заттарды залалсыздандыратын робот көмегімен жойылды. Қорапта бомбаның болғаны не болмағаны белгісіз, деп жазды РИА Новости.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 5 тамызда 78 мың көрерменді сыйдыратын «Маракана» стадионында өтеді. Жабылу салтанаты да осы жерде 21 тамызда өтеді.