2016 жылы Қазақстанға солтүстік және батыс Африка елдерінің көшбасшылары ресми сапармен келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен болған кезекті мәжілісте ведомство басшысы Ерлан Ыдырысов африкалық елдермен байланыстарды кеңейту міндеттерін белгіледі.

2016 жылы Қазақстанға солтүстік және батыс Африка елдерінің көшбасшылары ресми сапармен келеді

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, алда 29-31 қаңтарда өтетін Аддис-Абебадағы Африкалық Одақ саммитіне байланысты Е. Ыдырысов африкалық елдермен, әсіресе, экономикалық саладағы ынтымақтастықтың орасан перспективаларын атап өтті. Онда ҚР бақылаушы мәртебесіне ие болады.

Биыл Қазақстан бірқатар мемлекет басшылары мен солтүстік және батыс Африка елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының елге сапары күтіліп отырғаны атап өтілді. Эфиопия астанасына АО саммитіне ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевың басқаруымен қазақстандық делегация қатысады.