23:03, 15 Қазан 2015 | GMT +5
2016 жылы ТМД өзінің 25 жылдығын атап өтеді - Сергей Лебедев
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы өзінің 25 жылдығын атап өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысынан кейін ТМД-ның атқарушы хатшысы Сергей Лебедев мәлім етті.

«Алдағы жыды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы өзінің 25 жылдығын атап өтеді. Осыған байланысты бүгінгі өткен отырыста министрлер ТМД-ның 25 жылдығына арналған шаралар жоспарының жобасын қарастыруға ерекше назар аударды», - деді С.Лебедев. Осы жоспарда түрлі ауқымдағы шараларды өткізу қамтылмақ. Оның аясында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысын ұйымдастыру жоспарлануда. «Шара Қырғызстанда өтуі мүмкін. Сонымен қатар осы оқиғаға орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мемлекетаралық көрмелер өткізілмек», - деді ол.