2017 жылдан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады - ҚР Үкіметі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы қаулы қабылдады. «ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.
None
None

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №752

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін  2017 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Респуб­ликасы Заңының 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен жеті пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

Соңғы жаңалықтар