2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға 54 ел тіркелді
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Брюссельде Халықаралық студенттік спорт федерациясы атқарушы комитетінің отырысы өтті. Оның барысында Универсиада дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Әсет Әбдуәлиев Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы 2017 жылғы Универсиадаға дайындық туралы аралық есеп берді.
«Бүгін кезекті отырыста 28-ші Универсиадаға дайындық барысы туралы аралық есепті ұсындық. Ол Халықаралық федерация мен атқарушы комитет басшылығы тарапынан жоғары баға алды. Универсиаданың барлық нысандары осы жылы 30 тамызда тапсырылады», - деді Әбдуәлиев.
Алматыда Универсиада ұйымдастырушылар шараға әлемнің 55 елінен 2 мыңдай спортшы қатысады деп күтуде. 12 қысқы спорт түріне 555 медаль ойнатылады. Олар: биатлон, таушаңғысы спорты, керлинг, конькимен жүгіру спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, шаңғымен секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей, шорт-трек.
«Универсиада - Қазақстан тарихындағы ең ірі спорт жарысы. Алматыда жарыс көрнекі өтеді. Мұның алдында ең көп қатысушы 52 елден - түріктің Ирзурумінде болған. Біз 55 мемлекеттен атлеттер қатысады деп күтіп отырмыз. Бүгінде 54 ел қатысатынын растады», - деп атап өтті дирекция басшысы.
Оның айтуынша, Алматыда өтетін Универсиадаға 30 мыңнан астам турист келеді деп жоспарлануда. Телевизиялық көрсетілімнің күнделікті аудиториясы әлемнің 80 елінің 1 млрд.-тан астам тұрғындарын қамтиды.