18:10, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
2017 жылы елордада кардиохирургтердің бүкіләлемдік съезі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы елордада кардиохирургтердің бүкіләлемдік съезі өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Бүкіләлемдік кардиоторакалды хирургтер қауымдастығының канцлері Стюарт Джеймсон айтты.

«Біз сіздердің қалаларыңыздың сәулетіне және елдеріңіздегі кардиохирургияның дамуына таң қалдық. Сонықтан да біз Бүкіләлемдік кардиоторакалды хирургтер қауымдастығының келесі съезін сіздердің елдеріңізде өткізгіміз келеді. Бұл әлем хирургтерінің сіздердің елдеріңіздегі бұл саладағы жұмыстарды көруіне мүмкіндік туындатады», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда келесі конгресс 2017 жылы Қазақстанда өтуі мүмкін.
«Жыл сайын біз жер шарының түрлі елдерінде жиын өткіземіз. Өткен жылы ол Швейцарияның Женева қаласында өткен болатын. Ал келесі жылы Шотландияда, 2016 жылы Оңтүстік Африкада, 2017 жылы Қазақстанда өтеді», - деді мәртебелі мейман.