2019 жылдың алғашқы аптасында 5 мыңнан астам құқық бұзушылық жасалды
«Биылғы 1 қаңтардан бастап, яғни 7 күн ішінде еліміз бойынша 5 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде қасақана кісі өлтірудің 39 оқиғасы, сондай-ақ денсаулыққа ауыр зақым келтіруге қатысты 46 қылмыс анықталды. Негізінен, осы ауыр қылмыстар таныстар, туыстар арасында тұрмыстық жағдайда ішімдік салдарынан орын алған», - деді Жанат Сүлейменов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда ,бұл қылмыстардың көбісін полицейлер ізін суытпай ашқан.
«Атап айтқанда, адам өлтіруге қатысты 30 оқиға мен денсаулыққа ауыр зақым келтірудің 45 фактісі ашылды. Жалпы, жаңажылдық мереке кезінде ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген режімде қызмет етті», - деді Ж. Сүлейменов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары 2018 жылы Қазақстанда қылмыс деңгейі қаншалықты азайғанын мәлім еткен болатын.