2018 жылы Қазақстанда қылмыс деңгейі қаншалықты азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов еліміздегі қылмыстылық жағдайына қатысты есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«2018 жылдың қорытындысы бойынша елімізде қылмыс деңгейі азайып отыр. Оның ішінде ауыр қылмыс 22 пайызға және аса ауыр қылмыс 12 пайызға төмендеді. Ал орташа сипаттағы қылмыс 66 пайызға, аса ауыр емес қылмыстар 10 пайызға азайды», - деді Ж. Сүлейменов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, тонау қылмысы 14 пайызға, бұзақылық 23 пайызға, ұрлық 6 пайызға, сондай-ақ қарақшылық шабуыл 15 пайызға төмендеді.

«Бұдан бөлек, көшелердегі қылмыс 2 пайызға, бұрын сотталғандар жасаған қылмыс 18 пайызға, мас күйінде қылмыс жасау 10 пайызға және жасөспірімдер қылмысы 6 пайызға қысқарды», - деді Жанат Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар