2020 жылға дейiн Кеден одағы елдерінің бiрыңғай қаржы нарығы құрылады - Г.Марченко

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - 2020 жылға дейiн Кеден одағы мемлекеттерiнiң бiрыңғай қаржы нарығы құрылады.
None
None

Бұл туралы бүгiн VI Астана экономикалық форумы аясында өткен панельдi сессия кезiнде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлiм еттi.

"2020 жылға дейiн үш елдiң келiсiмiмен Кедендiк одақ мемлекеттерiнiң бiрыңғай қаржылық нарығы құрылады. Бұл мiндет аса жоғары деңгей. Қазiргi уақытта елдердiң министрлiктерi мен Орталық банктерi арасында қызу талқылаулар жүруде. Осы тақырыпқа қатысты алдыңғы күнi Астанада келiссөздер жүргiздiк. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерiне барлығына ортақ шешiмдер мен тетiктердi қабылдау жұмыстарын жасау керек. Бұл мәселе сонымен қатар макроэкономикалық, қаржылық, қадағалау және валюта саясатының неғұрлым келiсiлген қадамдарын талап етедi. Сондықтан бiздiң бiрiншi сессиямыз макроэкономикалық және валюта саясаты тақырыбына арналады. Бiздiң мемлекеттердiң ұқсастығына қарамастан, экономикалық дамуда бiрқатар өзгешелiктер бары түсiнiктi. Сондықтан бiздiң iс-қимылдар бiршама деңгейде келiсiлгенi дұрыс", - дедi Г. Марченко.

Соңғы жаңалықтар