2021 жылы мемлекеттік балансқа 28 кен орны қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы алғаш рет мемлекеттік балансқа 28 кен орны қойылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жер қойнауын пайдаланушылар есебінен жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 2021 жылы алғаш рет мемлекеттік балансқа 28 кен орны қойылды. оның ішінде: көмірсутек кен орны, 13 қатты пайдалы қазба кен орны, 8 жерасты су кен орны бар», - деді ол министрліктің алқа мәжілісінде.

Вице-министрдің айтуынша, «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамның» 74-қадамын іске асыру аясында қатты пайдалы қазбалар бөлігінде Қазақстан CRIRSCO-ға кірді. KAZRC қауымдастығы және жер қойнауының тәуелсіз сарапшыларының кәсіби қоғамы құрылды.

«Осылайша, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде есептілік стандарттарының халықаралық жүйесіне көшу жүзеге асырылды. Алайда белгілі бір қауіптер бар, мысалы: жер қойнауын зерттеу мен пайдаланудың кешенді тәсілін бұзу, мемлекеттік бюджетке түсімдердің азаюы», - деді Талғат Момышев.


Соңғы жаңалықтар