2024 жылы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң әзірленбек

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2024 жылы елімізде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң әзірленуі мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Ғылымды дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None

«Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде елімізде мықты ғылыми-өндірістік, инжинирингтік орталықтар, ғылыми-технологиялық парктер құрылатын болады. Жер қойнауын пайдаланатын ірі компаниялардың еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға қатысуы артады. 2024 жылы ел экономикасының өңдеуші салаларына ғылымды қажет ететін зерттеулерді тарту мақсатында және ғылым мен бизнес қоғамдастық арасындағы тығыз диалогқа ықпал ететін «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң әзірленетін болады», - делінген құжатта.

Тұжырымдамада көрсетілгендей, 2026 жылға дейін ғылыми журналдардағы мақалалардың жалпы саны бойынша InCites елдер рейтингінде Қазақстанды 73-тен 65-орынға көтеру жоспарланған. Сондай-ақ, алдғы үш жылда патентке өтінім берушілердің белсенділігін 30%-ға арттыру көзделген. Осы тұжырымдаманы іске асыру негізінде 2026 жылға дейін бизнес секторының ғылымға бағыттайтын қаражатының үлесі 35%-ға жетеді деп күтілуде.

Құжатты ашық талқылау 16 қаңтарға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар