2026 жылдан бастап тұрақты кірістің 40% жергілікті бюджетке жиналады — Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM — Дағдарыс жылдары жергілікті бюджеттің кірістері қысқарған жоқ, керісінше кейінгі жылдары экономиканың дамуы мен өсуіне серпін берді.

Қозоғистонда бозор эгаларини бюджетдан қўллаб-қувватлаш дастури ишга туширилади
Фото: Александр Павский/Kazinform

Жергілікті бюджеттің қазіргі қарқыны туралы толығырақ Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтып берді.

— Түсімдерді бюджет деңгейлері арасында тиімді бөлудің негізгі қағидаттарына салықтар, салық базасын біркелкі орналастырмаған салықтар республикалық бюджетке бекітіледі, ал тұрақты сипаттағы нақты аумақтық байланысы бар салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі. Сондай-ақ олардың жиналуының ең жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне салықтарды бекіту қажеттілігі. Осы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, Үкімет республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге тұрақты кірістер беру бойынша жұмыс жүргізді. Соңғы бірнеше жыл бюджет үшін дағдарыс жылдары болғанына қарамастан, яғни 2020 жылдан бастап коронавирус пандемиясы, геосаяси жағдай және Еуразиялық экономикалық одақтың жекелеген елдеріне қатысты санкциялар енгізуі бюджет кірістеріне айтарлықтай әсер етті. Дегенмен, жергілікті бюджеттер кірісінің өсуі байқалады, — деді Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, дағдарыс кезінде халыққа және бизнеске қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, бюджеттік сала жұмыскерлерінің жалақысын ұлғайту, біржолғы жәрдемақыларды төлеу, шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий және басқа да шаралар.

— Осыған байланысты дағдарыс жылдары жергілікті бюджеттің кірістері қысқарған жоқ, кейінгі жылдары экономиканың дамуы мен өсуіне серпін берді. Жұмыс жалғасып 2026 жылдан бастап жаңа бюджет кодексінде жыл сайын қосымша 100 млрд теңгеден астам сомаға кіріс беру көзделген. Одан бөлек, жаңа Бюджет кодексінде кірістердің нысаналы бағыты бар «Арнайы түсімдер» деген жаңа санат көзделген. Жергілікті бюджеттің осы санатына қолданыстағы кірістер, сондай-ақ жаңа кірістер кіреді. Осылайша, 2026 жылдан бастап тұрақты кірістің шамамен 40 пайызы жергілікті бюджетке жиналады, — дейді ол.

Бүгінде аудандық бюджеттердің қаржылық дербестігін күшейту үшін шағын орта бизнеспен, корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы аудандық, облыстық маңызы бар қала бюджеті кірісіне берілді. Жүргізілген жұмысты ескере отырып, кірістің 70 пайыздан астамы аудандық, облыстық маңызы бар қала бюджетінде шоғырланады. 

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі ел бюджетінің үш донор өңірді атады

Бүгін Мәжілісте «Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау жөніндегі жаңа тәсілдер» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар