2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Салтанатты рәсім Италияның Кортине-д’Ампеццо қаласындағы «Стадио Олимпико дель Гьяччо» стадионында болды. 

2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті
Фото: paralympic.org

Биыл еліміз дүбірлі додада 1 алтын, 1 қола медальға қол жеткізді. Отандасымыз Ербол Хамитов пара биатлоннан 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) чемпион атанса, пара шаңғы жарысынан 1 500 метрге классикалық спринт жарысында қола жүлдегер атанды.

2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті
Фото: paralympic.org

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ербол Хамитов – пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан әлем чемпионаттарының жүлдегері және бірнеше мәрте әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы. 2022-2023 жылғы маусымда ол пара шаңғы жарысынан әлем чемпионы атанып, Қазақстан тарихында осы жетістікке қол жеткізген алғашқы пара спортшы болды. Ал 2024-2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жетіп, 31 жылдан кейін Қазақстанға Хрусталь глобусты қайта әкелді.

paralympic.org
Фото: paralympic.org

Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғады. Биылғы дүбірлі додада Қазақстан құрамасы пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша сынға түсті.

paralympic.org
Фото: paralympic.org

Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы бақ сынады. Олардың қатарында Ербол Хамитов, Нұрлан Әлімов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев және Анна Грачева бар.

Паралимпиада ойындарына 56 елден 600-ден аса спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

paralympic.org
Фото: paralympic.org

Биыл Қысқы Паралимпиада қозғалысының 50 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Алғашқы қысқы Паралимпиада 1976 жылы Швецияның Эрншёльдсвик қаласында өткен еді.

Енді 2030 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары Франция Альпісінде өтеді. 

Бұған дейін Қысқы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде нешінші орын алғанын жазған едік.