2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындары: қазақстандық жүзгіштердің нәтижесі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында ашық суда жүзуден 5 шақырымдық финалдық сайысқа қатысты.

в
Фото: Никита Басов, Қазақстан ҰОК

Бұл сайыста ел намысын Лев Черепанов пен Ғалымжан Балабек қорғады. ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс қорытындысы бойынша Черепанов үздік ондыққа еніп, 0:56:00 уақыт көрсеткішімен сегізінші орын алды.

в
Фото: Никита Басов, Қазақстан ҰОК

Ал Балабек 0:59:49.4 уақыт нәтижесін тіркеп, 13-орынға тұрақтады.

Алтын медальді қытайлық Цзыян Чжан (0:53:46) жеңіп алды. Екінші орынды вьетнамдық Хоан Хуэй Нгуен (0:53:53.2) иеленсе, қола жүлде Туан Ань Тран Майға (Вьетнам) бұйырды - 0:53:56.3.

Жарысқа барлығы 28 спортшы қатысты.

Айта кетейік, Қазақстанның үш командасы 2026 жылғы Азия ойындарында 1/8 финалға шықты.