17:55, 18 Қараша 2025 | GMT +5
2026 жылы Астанада ШЫҰ сарапшыларының ЖИ бойынша алғашқы кездесуі өтеді
АСТАНА.KAZINFORM - ШЫҰ сарапшыларының жасанды интеллект бойынша алғашқы кездесуі 2026 жылы Астанада өтеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қазақстан ШЫҰ аясындағы жобаларды ілгерілету үшін Астана халықаралық қаржы орталығын пайдалануға дайын.
Ел ШЫҰ аясында су ресурстары мәселелерін зерттейтін орталық құруды ұсынады.
Премьер-Министр сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы сауда қазірдің өзінде 1 триллион долларға жақындап қалғанын атап өтті.
Айта кетейік, Мәскеуде ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді.
Бұған дейін Президент жасанды интеллектіні қарқынды дамытуда ШЫҰ әлемде көш бастай алатынын айтқан болатын.