2027 жылға қарай Қазақстанның ірі қалаларында 5G желісінің қамтылуы 75%-ға жетпек

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда мобильді және спутниктік байланыс жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.

Спутниковый интернет Starlink запустят в Кыргызстане
Фото: Freepik

2027 жылдың соңына дейін 4G желісінің елдегі барлық елді мекенді қамту үлесі 92%-ға жетеді, ал 5G базалық станцияларының саны 3,5 мыңнан асады.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта 3G байланысы 2 704 ауылда қолжетімді, ал 4G желісі 2 608 елді мекенде жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында қазірдің өзінде 2 509 5G базалық станциясы іске қосылған.

– 2027 жылдың соңына қарай 4G желісі барлық елді мекеннің 92%-ына қамтитын болады, ал 5G желісі 3 500-ден астам базалық станция арқылы кеңейтіледі, — деп хабарлады министрлік.

Ведомство ірі мегаполистерге ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

– Бұл әсіресе, елдің ірі қалалары — Астана, Алматы және Шымкент үшін маңызды, мұнда 5G желісінің қамтылу деңгейі 75%-ға жетуі тиіс, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстанда шалғай өңірлер үшін спутниктік интернетті дамыту жалғасып жатыр.

– Қазіргі уақытта ел нарығында ресми түрде екі ГЕОЖ -оператор қызмет көрсетеді, 2027 жылдың соңына дейін тағы екі компанияның іске қосылуы жоспарланып отыр, - деді министрлік.

Мекеменің хабарлауынша, спутниктік байланысты дамыту алыс және қолжетімсіз елді мекендер үшін әлі де өзекті болып отыр.

Бұған дейін Қазақстанда мобильді байланыс тарифтерінің өзгеру себептері аталған болатын.