23 сәуір. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 23 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
62 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Қазыбек Жарылқасынұлы ИСА дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында туған. 1984 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемдік-графикалық факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1984-1991 жылдары Шардара ауданы Қызылқұм ауылында орта мектеп мұғалімі, 1991-1993 жылдары«Жас қазақ» бірінші республикалық демократиялық газетінің бөлім меңгерушісі, 1993-1998 жылдары «Өркен» газетінің бөлім редакторы, 1998-2000 жылдары «Қазақпарат» баспа корпорациясының вице-президенті, 2000-2002 жылдары «Жас қазақ үні» газеті бірінші бас редакторы – директоры, 2009-2012 жылдары «Жас қазақ үні» газеті редакторлар кеңесі төрағасы – бас директоры, «Жұлдыздар құпиясы» журналының бас редакторы, «Тұран» баспасының директоры қызметінде болды. 2019 жылдан бастап – ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі.
2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» (2011), «Парасат» (2018) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Сергей Есенин» (2014) медальдарымен, «Мәдениет қайраткері» (2009), «Тіл жанашыры» (2011), «Ақпарат саласының үздігі» (2014) төс белгілерімен марапатталған. «Тәтті шөл» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын (2008) алған.
58 жыл бұрын (1966) Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балайым Туғанбайқызы КЕСЕБАЕВА дүниеге келді.
Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы) Киров ауданы Жамбыл колхозында туған. Талдықорған заң техникумын, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бакалавриатын бітірген.
Еңбек жолы: 1985-1988 жылдары Шымкент облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінде кеңсе меңгерушісі, 1993-1994 жылдары Алматы қаласындағы «ШаҺар» архитектура-жобалық кооперативінде іс жүргізуші, 1994-1998 жылдары ҚР Әділет министрлігінің кеңесшісі, бас кеңесшісі, бас маманы, бөлім бастығы, 1999-2002 жылдары Қызылорда облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, 2002-2004 жылдары Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастығы, 2004-2009 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің директоры қызметін атқарған. 2009-2016 жылдары Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастығы, 2016-2021 жылдары алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.
2021-2023 жылдары жетінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжіліс Төрағасының орынбасары болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың мамыр айынан бастап атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен және «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
49 жыл бұрын (1975) Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Абдеш Қойшыұлы ТҮРІКМЕНБАЕВ дүниеге келді.
Маңғыстау облысының Шетпе ауылында туған. Қазақ ұлттық политехникалық институттың инженер-құрылысшы мамандығы, Ш.Есенов атындағы мемлекеттік университеттің тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Қуат» АҚ-да инженер болып бастады. Еңбек жолында «Китайский дворик» АҚ –қаржыгер, «Скиф» ЖШС-өндірісті дамыту инженері, «СМУ НТС» ЖШС- Өндірісті дайындау инженері, «УПП» ЖШС-цех шебері «КаспийМұнайҚұрылыс-Билдинг» ЖШС- шебер-прораб, «СМУ-10» АҚ участок бастығы, вице-президент, президент, «КаспийМұнайҚұрылыс» АҚ вице-президент, «AG-Строй Сервис» директоры қызметтерін атқарды.
2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. “Ақтау қалалық құрылыс бөлімінде” бас маман,сектор менгерушісі, «Қарақия аудандық сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі» басшысы, Қарақия ауданы әкімінің орынбасары, «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының» басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап атқарып келеді.
41 жыл бұрын (1983) Altyn Qyran Foundation қоғамдық қорының директоры Ринат Думанұлы КЕРТАЕВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Қоғаммен байланыс» мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Хабар» агенттігінде» қазақ тіліндегі ойын-сауық бағдарламалар редакциясының продюсері ретінде басталды. 2010-2011 жылдары жаңалықтар бөлімінде сарапшы-редактор болды. 2011-2016 жылдары «Хабар» телеарнасының бағдарламалар шығару бөлімінің бас продюсері, 2016-2022 жылдары «Хабар» телеарнасының директоры, «Хабар агенттігі» АҰ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, 2022 жылы «Хабар агенттігі» АҚ басшысының міндеттерін атқарушы, 2022 жылы «AMANAT» партиясының хатшысы қызметінде болды.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығы, «Баспа және ақпаратты дамытудағы еңбегі үшін» ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төсбелгісімен марапатталған, сондай-ақ, ҚР Президенті Грантының иегері.
106 жыл бұрын (1918-2006) Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, әйгілі партизан Қасым ҚАЙСЕНОВ дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған. Өскемен саяси-ағарту техникумын бітірген. 1939-1940 жылдары Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болды. 1940 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, арнаулы әскери мектептен өткен. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жау тылында партизандық қозғалысты ұйымдастыруға белсене қатысқан. Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатье, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асыруға қатысқан. Қасым Қайсенов соғыс жылдарында өзін өжет, тапқыр және ұйымдастыру қабілеті зор командир ретінде көрсетті. Ол басшылық еткен отряд көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып, жауға дүркін-дүркін соққы берген. 1945-1953 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасында, Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандық кеңестерінің атқару комитетінде жауапты қызметте болған. 1953-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында, «Жазушы», «Қайнар» баспаларында редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. ҰОС кезіндегі өзінің партизандық өмір жолы, қарулас достарының қаһармандық ерлік істері жайлы сыр шертетін «Жас партизандар», «Илько Витряк» «Переяслав партизандары», «Ажал аузында», «Партизан соқпақтары», т.б. әңгіме, очерк, повесть жинақтарын шығарған. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Көркем аударма саласында М. Муратовтың «Ломоносовтың жастық шағы», Николай Томанның «Сабылтқан сағым», Мамед Кулизаде Жалилдің «Пошта жәшігі» кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған.
3-дәрежелі «Б. Хмельницкий», 2 мәрте 1-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен, сондай-ақ «Чехословакия партизаны» орденімен, есімі жазылған қарумен марапатталған.