23 сәуірде күн жаңбырлы болады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет синоптиктері 23 сәуір, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

ауа райы
Фото: Pexels

Қазақстан территориясының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді.

Салдарынан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста қарқыны қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейеді.

Оңтүстік-батыста — шаңды дауыл, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста — дауыл тұрады.

Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашын аумайды, күн ашық. 

Соңғы жаңалықтар