23 шілде Дағыстан мен Шешенстанда аза тұту күні деп жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шешенстанда 23 шілде республиканың Веденск ауданында орын алған жол-көлік апатында қаза тапқандардың құрметіне аза тұту күні деп жарияланды, деп хабарлады Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Бұл туралы РИА «Новости» жазды.

"Газель" жолаушылар шағын автобусы сейсенбі күні Шешенстанның Веденск ауданында құзға құлады. Шағын автобус дағыстандық Хасавюрта қаласынан Шешенстан аумағы арқылы Дағыстанның шекара маңындағы ауданына бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан, ресми деректер бойынша, 10 адам қаза тапты, сегіз адам ауруханаға жеткізілді. Жарақаттанғандардың ішінде бала бар.

"23 шілде күнін Шешенстан Республикасында аза тұту күні деп жариялау шешімін қабылдадым", - деп жазды Қадыров.

Соңғы жаңалықтар
telegram