24 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК 24 ақпанда еліміздің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

24 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Pixabay.com

Түнде Жетісу облысының шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың шығысында – 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысында түнде және күндіз оңтүстік, орталық және таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігіндегі таулы аймақтарда тұман күтіледі. Солтүстік, батыс және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Шымкент қаласында 24 ақпанда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, тұман түседі. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғып, екпіні – 15-18 м/с.

Қарағанды облысының шығысында түнде қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі. Түнде шығыста желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15 м/с құрайды.

Абай облысында түнде және таңертең солтүстік, шығыс және орталық аудандарда қар жауып, бұрқасын жүреді, оңтүстігінде тұман болады. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Семей қаласында 24 ақпанда түнгі ауа температурасы -24…-26 градус аязды көрсетеді. Түннің бірінші жартысында қар жауып, бұрқасын болады, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда, күндіз солтүстік пен шығыста қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстікте тұман түседі. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде 24 ақпанда түнгі температура -21…-23 градус аязды көрсетеді. Түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан және шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында 24 ақпанда түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғып, түнде және күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Қостанай қаласында 24 ақпанда тұман болады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысы, шығысы және таулы аудандарында көктайғақ пен тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Тараз қаласында 24 ақпанда тұман мен көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында 24 ақпанда түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады.

Алматы облысының таулы аудандарында күндіз қатты қар жауады, облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарда тұман мен көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 18-23 м/с. Алматы қаласында 24 ақпанда тұман мен көктайғақ байқалады. Қонаев қаласында да тұман болып, желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді.

Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста көлік қозғалысы шектелгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум