24 қарашада республика бойынша қай жолдарда шектеу бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстанда 24 қараша күні бірқатар өңірде жолдарда қозғалыс шектеуі сақталып отыр. Ал енді бір өңірде ауа райының жақсаруына байланысты жылдамдық режимі көтерілді.

Екі облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 23 қарашада сағат 11:00-де Ақмола облысында ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол бекеті)» автожолының 19-231-шақырымында барлық көлік түрі үшін жылдамдық режимі 80 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа өзгертілді.

Ал үш облыстағы жолдарда қозғалыс бойынша шектеу әлі де бар.

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке «Қалқаман – Ақсу» көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6 шақырым) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы – Тимирязево ауылы) көліктің барлық түрі үшін шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Ауа райы

24 қарашада Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Павлодар облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

– Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазгидромет 24 қарашада ауа райына байланысты 16 өңірде дауылды ескерту жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар