24 шілде. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 24 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
86 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері дүниеге келді.
Ақтөбе қаласында туған. Консерваторияның фортепиано класы бойынша 3 курсын, Ташкент театр институттын бітірген. Самарқандтың орыс драма теарында, М.Горький атындағы Владивосток өңірлік орыс драма театрында актер қызметін атқарған.
1971 жылдан – М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актеры. Театр сахнасында жүзге жуық басты рөлдерді сомдаған. Бірқатар кинофильмдерге түскен.
67 жыл бұрын (1959) жазушы, «Ситуативный казахский» кітаптар сериясының авторы Қанат Ғалымұлы ТАСЫБЕКОВ дүниеге келді.
Целиноград облысында (қазіргі Ақмола облысы) туған. 1981 жылы Алматы зооветеринарлық институтын жылқытану мамандығы бойынша бітірген. 1977-1981 жылдары бокстан Алматы чемпионы.
Целиноград ауылшаруашылығы институтында жұмыс істеген. 1985 жылы Мәскеудегі Тимирязев ауылшаруашылығы академиясына аспирантураға түсіп, спорттық жылқытану бойынша диссертация қорғады. 1994 –1998 жылдары «Болашақ» бағдарламасымен Францияда Дижон қаласындағы Бургунд университетінде Ауыл шаруашылығы бойынша доктарантура бітірген. 1998-2003 жыл аралығында Қазақстандағы «Ромплинг» француз ауылшаруашылығы фирмасы өкілдігінің басшысы қызметін атқарған. «АЗВИ» ЖШС-ның құрылтайшысы және директоры. Мемлекеттік тілдің дамуына қосқан үлесі үшін 2014 жылы «Тiл жанашыры» төсбелгісімен, ал 2016 жылы «Бірлік» медалімен марапатталған.
65 жыл бұрын (1961) ҚР Мемлекет қайраткері Айгүл Сайфоллақызы ҚҰСПАН дүниеге келді.
Алматы шет тілдері педагогикалық институтын (1983), М.Торез атындағы Мәскеу шет тілдері педагогикалық институтын (1989), Францияның Ренн-I университетін, (1995), Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін (1996) тәмамдаған.
1983-1984 және 1989-1992 жылдары Алматы шет тілдері педагогикалық институтының оқытушысы, 1996-1999 жылдары Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, 1999-2002 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, бөлім бастығы болды.
2002-2004 жылдары Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің кеңесшісі, 2004-2006 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаменті бөлімінің бастығы, 2006-2011 жылдары Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, 2011-2013 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары, 2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінің директоры қызметін атқарды.
2018 жылғы 3 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ұлы Люксембург Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2018-2021 жылдары Еуропа одағы мен Солтүстік Атлант келісімі ұйымдары (НАТО) жанындағы Қазақстан Республикасы Өкілдіктерінің басшысы қызметін қоса атқарушы болып қызмет атқарды.
60 жыл бұрын (1966) шахматшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, зағиптар арасындағы әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұрат Сатыбалдыұлы ЖҮНІСОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысының Балқаш қаласында туған. Алғашқы жаттықтырушылары – Ерғазы Әлімжанов, гроссмейстер Болат Асанов. Қарағанды облысының екі дүркін чемпионы (1990, 1991), республикалық студенттер ойындарының чемпионы (1989), Қазақстан зағиптар қоғамының төрт дүркін чемпионы (1990, 1992, 1994, 1997), халықаралық турнирлердің жүлдегері (Брно, Чехия, 1994; Мәскеу, 1994; Петропавл, 1994; Бенавенте, Испания 1995; Нью-Йорк, АҚШ 1995). Шахматты шапшаң ойнаудан Астана қаласының чемпионы (2000), Алматы қаласының чемпионы (1997, Алматы; 2000, Астана).
45 жыл бұрын (1981) Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Айгерім Еркенқызы ӘБЕНОВА дүниеге келді.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін (2003), Инновациялық Еуразия университетін (2019) бітірген.
Еңбек жолы: Екібастұз қаласындағы №23 орта мектепте география пәнінің мұғалімі (2000-2004); Екібастұз қаласындағы №23 орта мектепте директордың орынбасары (2004-2008); Екібастұз қаласындағы №23 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2008-2010); №42 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2010-2017); «А.Е. Әбенова» жеке кәсіпкерлік серіктестігінің директоры (2017-2018); Павлодар облысы білім беру департаментінің білім беру мониторингі бөлімінің бас маманы (2018-2019); Павлодар облысы Білім беру департаментінің Ұйымдастырушылық, кадрлық жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (2019-2020); Павлодар облысы Білім беру департаментінің Ұйымдастырушылық, кадрлық жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы (2020); Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (2020-2021); Павлодар облысы Білім беру департаментінің «Екібастұз қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (2021); Павлодар облысы Білім беру департаменті бастығының орынбасары (2021-2022); Павлодар облысы әкімі аппаратының хаттамалық, ұйымдастырушылық және аумақтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы (2023); Ақсу қаласы әкімінің орынбасары (2023-2025).
2025 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
43 жыл бұрын (1983) «Шәкәрім университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректоры Думан Рымғалиұлы ОРЫНБЕКОВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. 2005 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Тамақ өндірісіндегі технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша)» мамандығы бойынша «Инженер-механик» біліктілігі берілді. 2008 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірді. 2010 жылы техника ғылымдарының кандидаты атанды. 2020 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Экономика» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» бакалавры дәрежесі берілді.
Еңбек жолы: 2008-2011 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасының аға оқытушысы, 2011-2012 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің басшысы, 2012-2019 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары, 2019-2020 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылым және инновация департаментінің директоры, 2020-2022 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасары, 2022-2023 жылдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төраға орынбасары лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың шілде айынан бері атқарып келеді.
43 жыл бұрын (1983) Түркістан облысының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны басқару департаментінің басшысы Ғалымжан Әнуарұлы ТӨЛЕПОВ дүниеге келді.
Түркістан облысының Қазығұрт ауылында дүниеге келген. Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық сауда және өнеркәсіп колледжін «Экономист» және «Заңгер» мамандықтары бойынша; Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «құқық бакалавры» мамандығы бойынша бітірген (2016).
Еңбек жолы: Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы (2006); Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің бюджеттің орындалуын талдау және бақылау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының экономикалық талдау, мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы, экономикалық талдау, бюджеттік мониторинг және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (2006-2010); Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының экономикалық талдау, бюджеттік мониторинг және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы; Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары (2012-2017); Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары (2017 жылғы шілде - 2019 жылғы қыркүйек); Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі (2019 жылғы қыркүйек - 2020 жылғы ақпан); Шымкент қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы (2021-2025 жылғы қараша).
2025 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.