25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пунктері жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – 25 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Шектеу Қытай Халық Республикасында «Күз ортасы мерекесінің» атап өтілуіне байланысты енгізіледі.
Аталған күні Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жеке тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
– Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, – делінген комитет хабарламасында.
Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтарды уақытша шектеуді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.
Айта кетейік, Атыраудағы Құрманғазы өткізу бекетін жаңғырту жұмысы жүріп жатыр.