26 тонна дизельді отын өткізбек болған Ресей азаматы ұсталды - ҚР ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар елімізден Ресейге заңсыз түрде 26 тонна дизельді отын өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
None
None

Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ авто» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары «Ивеко» автомобиліне 26 тонна дизельді тиеп, Ресей Федерациясына заңсыз жолмен өткізбек болған 40 жастағы Ресей азаматын ұстады.

«Аталған дерек бойынша, Қарабалық ауданының ішкі істер бөлімі хабарландырылды. Фильтрациялық іс-шаралар жалғастырылуда», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар