27 градус аяз болады: 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктер ертең, 18 желтоқсанда еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

27 градус аяз болады: 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, кей өңірде тұман түсіп, екпіні күшті жел мен бұрқасын соқса, енді бір өңірлерде 27 градусқа дейін аяз болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда екпіні 17-22 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстістігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкентте таңертең және күндіз көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі.

Астанада күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 25 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар