«28 панфиловшы» фильмі күзде прокатқа шықпақ

Бұл туралы бүгін Федерация Кеңесінде сөйлеген сөзінде РФ мәдениет министрі Владимир Мединский мәлім етті.
«Күзде «28 панфиловшы» фильмінің премьерасы жоспарлануда. Оған көрермендердің өздері 33 млн. рубльден астам қаржы жинаған болатын», - деді министр, көрермендердің әскери-патриоттық тақырыптағы фильмдерге зор қызығушылығын атап өте отырып.
«28 панфиловшы» фильмі жобасы Владимир Мединскийге 2013 жылғы қарашада ұсынылған болатын. 2014 жылғы желтоқсанда РФ мәдениет министрлігі лента өндірісін қаржылай қолдауға ұйғарды. Сондай-ақ оны қаржыландыруға Қазақстан тарапы да қатысты.
Панфиловшылар - генерал Панфиловтің қолбасшылығымен 1941 жылы Мәскеуді қорғауға қатысқан Алматыда құрылған 316 атқыштар дивизиясының жауынгерлері. 28 жауынгер төрт сағат бойы жаумен ерлікпен шайқасып, фашистердің 18 танкін жойды. Олардың барлығына да Кеңес Одағының Батыры атағы берілген болатын.