«28 панфиловшы» фильмінің прокатымен америкалық компания айналысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мен Қазақстан бірігіп түсірген «28 панфиловшы» фильмінің түрлі мемлекеттердегі прокатымен америкалық "Universal pictures" компаниясы айналысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Өткен жылы біздің «28 панфиловшы» ортақ фильміміз кинонарықта асқан танымалдылыққа ие болды. Менің білуімше, қазір продюсерлер картинаны шетелдік прокатқа сату бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.  Олардың дистрибьюторы - америкалық "Universal pictures" компаниясы. Сондықтан «28 панфиловшы» көптеген елдің экранынан көрсетіледі деген ойдамын», - деп хабарлады РФ мәдениет министрі Владимир Мединский Астанада Қазақстан мен Ресейдің 2017 жылға жоспарына қол қою салтанатынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Сонымен бірге, ол биылғы жоспар аясында екі ортақ фильмнің түсірілімі жоспарланғанын атап өтті.

«Біз қазақстандық тарапқа ортақ продюсерлікке екі жоба ұсындық. Бір фильмнің оқиға желісі соғысқа дейінгі кезеңді қамтиды. Оны «28 панфиловшыны» түсірген команда жүзеге асырады. Екінші фильм - заманауи драма, режиссері Вера Глаголева, оның түсірілім жұмыстары Қазақстанда өтеді. Әзірге атаулары нақты бекітілмеді, сондықтан айта алмаймын», - деп толықтырды В.Мединский.

Соңғы жаңалықтар