29 наурызда республика бойынша қай жолдар жабық тұр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі автожолдарда қозғалыс шектелді:
Қостанай облысы
• Су тасуына (ені — 70 м, биіктігі — 20 см) және Ресейдегі жолдардың жабылуына байланысты «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 0-9-шақырым аралығында учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жол шамамен 2026 жылғы 5 сәуір сағат 08:00–де ашылады.
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-30-шақырым аралығы (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы).
Павлодар облысы
• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман жолайрығы — Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу).
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында (46-66-шақырым аралығы, Северный ауылына бұрылыс — Серебрянск қаласына бұрылыс) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.
Еске салайық, синоптиктер жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады.