30 шетел көшбасшыларының ішінде тек Н.Назарбаев қана Қытайға мемлекеттік сапар жасады - ҚР Елшісі Ш.Нұрышев

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары өте жоғары деңгейде өтті және өте нәтижелі болды. Бұл туралы Қазақстан журналистеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев мәлім етті.
None
None

«Ең алдымен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары өте жоғары деңгейде өткенін және өте нәтижелі болғанын атап өткім келеді. Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, жапон басқыншыларына қарсы күрестегі қытай халқының Жеңісі мен Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орайластырылған Парадқа қатысу үшін келген 30 шет елдің мемлекет басшылары, үкіметтік және парламенттік делегация басшыларының арасында тек қана біздің Елбасымыз Қытайға мемлекеттік сапар жасады. Дипломатия тілімен айтсақ, бұл - ең жоғары деңгейде шетелдік мәртебелі мейманды қарсы алу», - деді ол. Елші сондай-ақ, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Н.Назарбаевты қалай қарсы алғанына тоқталды. «Төрт күн бойы ҚР Президенті өте көп жұмыс істеді, қаншама кездесу өткізді. Оның ішінде баса айтар болсақ, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен өткен келіссөздер барысында саяси, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық мазмұндағы мәселелер талқыланды»,-деп атап өтті Ш.Нұрышев. Оның айтуынша, саяси сипаттағы негізгі жетістік - «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен ҚХР Төрағасының «Жібек жолының экономикалық белдеуі» атты бастаманы түйістіру туралы уағдаластық болды.

Соңғы жаңалықтар