382 млн теңге жымқырған қарағандылық Болгариядан экстрадицияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерполы халықаралық іздеудегі Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Ұсталған азамат 2012-2017 жылдар аралығындағы кезеңде Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы «Central Azia Cement» АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 млн. теңге сомасына ақшалай қаражатын жымқырғаны үшін күдікті», - делінген хабарламада.

Леонтьев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланған.

«Күдіктіні экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының болгарлық әріптестерімен үйлесімді әрекеттерінің арқасында мүмкін болды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда, күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар