Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

4 қыркүйекте Қазақстанның солтүстік өңірлерінде 1-3 градусқа дейін суытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 4 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

4 қыркүйекте Қазақстанның солтүстік өңірлерінде 1-3 градусқа дейін суытады

Түнде және таңертең тұман болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, таңертең тұман түседі.

Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градусқа дейін суытады.

Қызылорда облысында, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.