4 мамыр. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 4 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
61 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Нұрлан Тельманұлы ҰРАНХАЕВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1987) механика мамандығы бойынша, Қазақ қаржы-экономика институтын (2001) экономист-менеджер мамандығы бойынша және Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (2006) құрылыс инженері мамандығы бойынша бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы және саяси ғылымдар докторы дәрежесіне ие.
Еңбек жолы: «Қазпромтехмонтаж» тресінің Семей құрастыру бөлімінде слесарь, бригадир, учаске бригадирі (1987-1990); «Зергер» өнеркәсіптік-қаржы корпорациясының директоры, бас директоры, президенті (1990-1995); «Аққұс» АҚ президенті (1995); «Сары-Арқа» АҚ сенімгері (1995-1997); «Сұңқар» ЖШС президенті (1997-2001); «Казиркутсклес» АҚ бірлескен кәсіпорнының бас директоры (2001-2003); Шығыс Қазақстан облысының Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік департаментінің басшысы (2003); Шығыс Қазақстан облысының Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік департаментінің басшысы (2004-2005); Шығыс Қазақстан облысының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің күрделі құрылыс бөлімінің басшысы (2005); Шығыс Қазақстан облысының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің күрделі құрылыс департаментінің басшысы — директорының орынбасары (2005-2006); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2006-2007); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары (2007-2008); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2008-2009); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2009); «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2009-2010); Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (2010-2013); Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары (2014-2015); «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры (2015-2017); Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы департаментінің басшысы (2017-2018); Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары департаментінің басшысы (2019-2022); Абай ауданының әкімі (2022-2025).
2025 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
Ол «Құрмет» (2011) және «Парасат» (2016) ордендерімен марапатталған.
56 жыл бұрын (1970) скрипкашы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Нью-Йорктегі джаз қауымдастығының мүшесі Жәмила СЕРКЕБАЕВА дүниеге келді.
К.Байсейітова атындағы Республикалық колледжді, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдады.
АҚШ, Франция, Испания, Бельгия, Венгрия, Румыния, Монако, Сингапур, ТМД елдерінде гастрольдік сапармен болған.
Қазір Алматы қаласы әкімінің және ҚР Қорғаныс министрлігінің «Jazz Band» концерттік оркестрінің солисі.
50 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Мейірбекқызы МОЛДАБЕКОВА дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін аяқтап, физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика кафедрасының ассистенті ретінде бастады. 2001-2003 жылдары ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті портфельдерді және қаржы нарықтарын талдау басқармасының жетекші талдаушысы, сондай ақ портфельдерді және қаржы нарықтарын талдау басқармасының бас талдаушысы ретінде жұмыс істеді. 2003-2012 жылдары ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті талдау және тәуекелдер басқармасының бас талдаушысы, дилинг операциялары басқармасының бас дилері, талдау және тәуекелдер басқармасының бастығы ретінде қызметін жалғастырды. 2012-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті (монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті) директорының орынбасары лауазымын атқарды. 2015 жылғы қазанда Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаментінің директоры, ал 2016 жылғы ақпаннан бастап ҚР Ұлттық банкі құрылымының өзгеруіне байланысты ҚР Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаментінің директоры болып тағайындалды.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.
49 жыл бұрын (1977) ҚР Парламент Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары Индира Бейсембекқызы МАМАШЕВА дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1998 жылы «Интерлюкс» Қазақстан-Жапон кәсіпорнының менеджері, 1998-1999 жылдары ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігі «Қазинвест» РМК менеджері, 1999-2002 жылдары «ҚазИнвестКонсалт» ЖШС-ның аға менеджері, 2003-2009 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпараттық-талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты қызметінде болды. 2009-2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті, 2017 жылы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары болды. 2017-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі фракциясы аппаратының басшысы, 2019-2022 жылдары Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.
2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
44 жыл бұрын (1982) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы Ринат Әбілқасымұлы КӘРІМОВ дүниеге келді.
Қостанай облысының тумасы. Қостанай әлеуметтік академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2004 жылы Қарабалық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. 2011-2012 жылдары Қостанай облысы прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, 2012-2015 жылдары Әулиекөл ауданы прокурорының орынбасары, 2017-2019 жылдары Қостанай облысы прокуратурасы Аппаратының басшысы, 2019-2022 жылдары Қостанай ауданының прокуроры лауазымын атқарған.
2025 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Мінсіз қызметі үшін» ІІ, ІІІ дәрежелі медальдарімен, «ҚР прокуратурасына 20 жыл» медалімен, «Прокуратура үздігі» ІІ дәрежелі төсбелгімен марапатталған.
92 жыл бұрын (1934-1986) қазақ жазушысы, белгілі сатирик Оспанхан ӘУБӘКІРОВ дүниеге келген.
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тәмамдаған.
Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған.
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.
89 жыл бұрын (1937-2016) Қазақстаннның Еңбек Ері Геннадий Иванович ЗЕНЧЕНКО дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында туған. Петропавл ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітірді. 1973 жылы Петропавл педагогикалық институтын сырттан оқып аяқтады.
1962-1973 жылдары «Ленин» кеңшарында электр слесары, мұнай базасының меңгерушісі, механизатор машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, бас инженері, Совет аудандық «Қазсельхозтехника» бірлестігінің басқарушысы болды, 1973 жылы Совет аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. 1976 жылдан — «Новоникольский» кеңшарының директоры. Шаруашылық екі рет қайта құрылып, 1992 жылы «Новоникольское» ауыл шаруашылығы қауымдастығы, 1997 жылы «Зенченко және компания» командиттік серіктестігіне айналды, осы шаруашылықта Г. И. Зенченко бас директоры болып қызмет еткен.
2008 жылы оған Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді, екі рет «Отан» орденімен, Еңбек Қызыл ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.