4 маусым. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан) Арыс қаласында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Сол жылдан бастап Қазақ академиялық опера және балет театрының соло-әншісі. Осы театр сахнасында орындаған аса елеулі партиялары қатарында Қыз Жібек, Дана (Е.Брусиловский «Қыз Жібек», «Ер Тарғын»), Ажар (А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай»), Сара (М.Төлебаев «Біржан-Сара»), Зылиха (Б.Жұманиязов «Махамбет»), Розалида (И.Штраус «Жарқанат»), Виолетта (Дж.Верди «Травиата»), Антония (Ж.Оффенбах «Гофман ертегілері»), т.б. бар. Қазақ әндерін де («Шилі өзен», «Алқоңыр», т.б.) үлкен шеберлікпен орындайды. Үсенбаеваның репертуарынан ұлттық және шет ел композиторларының әр алуан музыкалық шығармалары орын алған. Әнші гастрольдік сапармен Ресей қалаларында, сондай-ақ, 1997 жылы Татар академиялық опера және балет театрының құрамында Португалияда, 1998 жылы Санкт-Петербург академиялық опера және балет театры кұрамында Жапонияда және басқа елдерде өнер көрсеткен. 2007 жылы «Карнеги-Холл» (Нью-Йорк) залында жеке концерт берген. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан) туған. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазан химия-технология институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 2000 жылы Еуразия нарық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: «Навоиазот» ӨБ (Навои қаласы, Өзбекстан) аға шебері, 1, 2 аммиакті өндірудің химиялық жабдығын жөндеу жөніндегі шебер (1986-1989); «Каспий маңы тау-металлургиялық комбинаты» ӨБ азот-тыңайтқыш зауытында (Ақтау) бөлім механигі, жабдықтарды жөндеу жөніндегі шебер, Аммиак-1 цехының 6 разрядты слесарі (1989-1993); «Каскор» АҚ (Ақтау) маркетинг және шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты ұйымдастыру бөлімінің 2-санатты инженері, менеджері, бастығы (1993-1995); «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ мұнай өнімдерін өткізу басқармасы бастығының орынбасары (1995-2000); «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ коммерциялық директоры (2000-2002); «ӨзенМұнайГаз» АҚ бақылау-аналитикалық департаментінің директоры (2002-2003); «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС Құрылысы салынып жатқан объектілер дирекциясы директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушы (2003-2004); «ТенизСервис» ЖШС бас директордың орынбасары (2004-2008); «Батуми Индастриал Холдинг Лтд» (Батуми, Грузия) директор (2008-2012); «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ талдау және жобалау департаментінің директоры (2013); «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ порт ғимараттары және күрделі құрылыс бөлімінің бастығы (2014-2015); «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ техникалық мәселелер жөніндегі вице-президент (2015-2016); «Құрық порты» ЖШС бас директоры (2016-2017). Қазіргі лауазымын 2017 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.
Ақтөбе қаласында туған. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын бітірген (1997).
Еңбек қызметі: 2001-2007 жж аға ғылыми қызметкерден Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты филиалының директорына дейін өтті.
2008 жылдан бері қызіргі қызметінде.
100-ден астам мақаланың, 10 монография мен оқу құралдарының авторы.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Ломоносов атындағы орден», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қызметі», «Қазақстан Республикасының Қызыл Қымығы» медальдарымен марапатталған.
Қазіргі Маңғыстау облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (бакалавриат, магистратура), Э.Маттеи атындағы Жоғары мектебін (Италия), Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Экономист, менеджмент саласының маманы; экономика мастері, тау-кен инженері-мұнайшы. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінде Инвестициялық саясат департаментінің жетекші маманы болып бастады. 1997-1999 жылдары – «Қазақойл» ҰҚ» ЖАҚ Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің аналитигі, Жобаларды басқару департаментінің аға аналитигі. 1999-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Өнеркәсіп және инфрақұрылым бөлімінің консультанты болып еңбек етті. 2002-2004 жылдары – «Agip KCO» компаниясы қазақстандық қамтуды дамыту департаментінің кеңесшісі, менеджері. 2004-2006 жылдары кәсіпкерлік қызметте болды. 2006-2007 жылдары – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ бас сарапшысы. 2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі. 2010-2012 жылдары – Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2012-2014 жылдары – Атырау қаласының әкімі. 2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2017-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының басшысы.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен марапатталған.