08:24, 02 Сәуір 2021 | GMT +5
4 сәуірде елордада автобустар жүрмейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы жексенбі күні елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
«Жексенбі күні, 4 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі», делінген хабарламада. ⠀
Жолаушылар тасымалымен айналысатын компания өкілі қоғамдық көлікте бетперде тағу режимін сақтауды сұрайды. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.