5 бала көз жұмған апат: Жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Самара — Шымкент тасжолының Хромтау ауданы Бөгетсай ауылы маңында болған жол апатынан соң жүк көлігінің жүргізушісі қамалды. Қазіргі кезде бірнеше сараптама тағайындалған.

апат
Фото: видеодан кадр

Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжановтың айтуынша, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік апатынан соң тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдікті «MAN» көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Полиция департаменті балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары бастады. Барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — деді Ғалым Байжанов.

Айта кетейік, 7 тамыз күні Самара — Шымкент тасжолында жол апаты болып, 5 бала, үш ересек адам көз жұмды.

Арасында әкесі мен екі баласы да бар. 

Осы оқиғадан соң облыс әкімдігі жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар