15:38, 05 Қаңтар 2025 | GMT +5
5 күнде жолда қалған 199 адамды құтқарып, 270 адамды жылыту бекетіне апардық - ТЖМ
АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Дидар Қажыкенов 2025 жылдың алғашқы 5 күнінде жолда қалған қазақстандықтар туралы мәлімет берді.

- Жыл басынан бері Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушы бөлімшелері 199 адам эвакуацияланды және құтқарылды. Оның ішінде 27 бала бар. Сондай-ақ, қар құрсауынан 22 техника шығарылды, - деді ол.
Айтуынша, жылыту пункттеріне 270 адам жеткізілген. Оның 42-сі бала
- Жалпы, Қазақстанда 1548 жылыту пункті бар. Жылдың алғашқы бес күнінде құтқарылған адамдардың ішінде үсік шалғандары кездескен жоқ, - дейді ТЖМ маманы.
Алматыда «DaisyBell» мобильді қар көшкініне қарсы жүйесі сынақтан өткенін жазған болатынбыз.