10:09, 06 Маусым 2014 | GMT +5
5 маусым күнгі ҰБТ-да түлектердің ешқайсысы 125 балл жинай алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 5 маусымда тест тапсыруға 9 346 түлек қатысты.
Тест 32 пункт базасында тапсырылды. Тест тапсырушылардан 2 938 ұялы телефон, 2 574 шпаргалка, 187 калькулятор, 16 фотоаппарат, 7 рация, 2 флешка, 1 қол сканері алынды.
Төртінші күннің қорытындысы бойынша, ең жоғары 125 баллды жинаған түлек болған жоқ.
Ал 1 404 (15%) бітіруші 100-ден астам балл жинаған. Салыстыра кетсек, 2013 жылы мұндай нәтижеге 1 389 (13,4%) түлек қол жеткізген болатын.
Орта есеппен алғанда төртінші күнгі ҰБТ баллы 78,2-ні құраған (2013 жылы - 74,7 балл).
Ең төменгі көрсеткіш - 50 баллды 1 888 (20,2%) түлек жинай алмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 3 074 (29,8%) болған, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.