5 шілде. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 5 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1971) Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі вице-президенті Асқар Әбиұлы СЕЙДӘЛИЕВ дүниеге келді.
В.И.Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
«Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Колорадо тау-кен мектебінде кәсіби тәжірибеден өтті. Еңбек жолы: 1993 жылы «Агротехника» кооперативінің шебері, 1994-1997 жылдары «Агротехникада «Қуат» есепшісі, 1997-2004 жылдары Ш.Есенов атындағы университетте стажер-оқытушы, оқытушы, аға оқытушы, ректордың көмекшісі болды.
2004-2005 жылдары Ш.Есенов атындағы мемлекеттік университеттің Мұнай және газ институты директорының орынбасары қызметін атқарды.
2005-2006 жылдары Ш.Есенов атындағы университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры болды.
2006-2017 жылдары аталған университеттегі мұнай және газ факультетінің деканы, 2006-2017 жылдары методикалық оқыту жөніндегі проректор, ректор кеңесшісі қызметін атқарды.
2018 жылы Маңғыстау облысының Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2021 жылдан бері қазіргі қызметінде.
36 жыл бұрын (1990) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Бақтыбайұлы ТАҒАЕВ дүниеге келді.
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша (2011), Қазақстан Халықтар достығы инженерлік-педагогикалық университетін экономика мамандығы бойынша (2013) және Лондон Метрополитен университетін бизнес әкімшілігі магистрі дәрежесімен (2014) бітірген.
Еңбек жолы: «AK AsiaAudit» ЖШС аудитор көмекшісі, келісімшарттық-құқықтық бөлімінің бастығы, бас директорының орынбасары (2008-2013); «Қазақстан тұрғын үй құрылыс корпорациясы» АҚ төрағасының көмекшісі, «Самурық-Қазына» жеке корпоративтік университетінің кеңесшісі, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ бас менеджері, «АқНұр-Строй» ЖШС бас директорының орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ сатып алуды бақылау және мониторинг департаментінің аға менеджері (2013-2021); Қазынашылық комитеті кеңсесінің басшысы, Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары және Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары (2021-2025).
32 жыл бұрын (1994) Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Ғалымұлы ТАМАБЕК дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Польшадағы Ұлттық Луис университетінің жоғарғы бизнес мектебін (2015); ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген (2019).
Еңбек жолы: «Дәке Барлау» ЖШС кадр жөніндегі инспекторы, Алматы қ.(2011 ); Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы; Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Кадр жұмысы және құжат айналымы қызметінің басшысы;
Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Кадр жұмысы және құжат айналымы қызметінің басшысы; Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адам ресурстарын басқару департаменті персоналды басқару департаментінің бас сарапшысы (2019-2020); Басқарма басшысы – Жамбыл облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бас мемлекеттік инспекторы (2020-2022);
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы (2022); Қазақстан Ауыл шаруашылығы вице-министрі (2022-2024).
2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.