17:42, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
50-ден астам қазақстандық компаниялардың өкілдері Әмірліктің бизнесмендерімен кездесті
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Шарджа әмірлігінің (БАӘ) сауда-өнеркәсіп палатасы 50-ден астам қазақстандық компания басшыларымен іскерлік кездесу ұйымдастырды.

Шарджа әмірлігінің сауда-өнеркәсіп палатасы БАӘ-нің 40 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілерін біріктіреді. Палата мен БАӘ-дегі ҚР Елшілігінің ықпалдасуымен 50-ден астам қазақстандық компания басшылары және әмірлік кәсіпкерлерінің кездесуі өтті. Қазақстандық компаниялардың ішінде «NIT» АҚ «Dolce-Pharm», «Қазгер-Құс», «Есіл Агро», «Марсель Су», «Balmuzdak», «Gallant Group», «Eristile-Kazakhstan», «ГеоСтройСервис», «Бал Текстиль», «Favoritstroy FZE», «Bridge Group», «Alpin.KZ», «Гемма», «Перспектива», «Қара Тұмар», «Gavrilov», «Soil Grip» бар.
Әмірліктегі қазақстандық бизнес аптасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынасты жақсартып қана қоймай, Қазақстан экономикасына БАӘ-ден тікелей инвестициялар тартуға септігін тигізді.