6 сайлаушы тұңғыш рет туған күнінде таңдау жасайды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сайлау қарсаңында «ҚазАқпарат» тілшісі Қызылорда облысы сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссия жетекшісінің орынбасары, «Болашақ» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мәстековпен сұхбаттасқан еді.

6 сайлаушы тұңғыш рет туған күнінде таңдау жасайды - Қызылорда

- Бауыржан Қайырбекұлы, жалпы сайлау дайындығы қалай жүрді?

- Сайлау дайындығы жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп айта аламын. Қоғамдық бақылау комиссиясы облыста 2009 жылы құрылған болатын. Сайлауға тұңғыш мәрте қатысқалы отыр. Біз бір ай бойына 7 аудан мен қала бойынша семинарлар өткіздік. Бүгінде облыс бойынша 345 сайлау учаскесі болса, онда 375 бақылаушы сайлауға қатысатын болады. Барлық қатысушылар заңға сәйкес өз міндеттерін жақсы біледі. Біздің мақсатымыз-сайлаудың әділ, шынай өтуін қадағалау. - Биылғы сайлаудың басқа сайлаулардан қандай да бір ерекшелігі бар ма? - Бір ғана ерекшелікке тоқталып өтейін, ертең сайлауға келетін азаматтар мен азаматшалардың 6-уы осы күні дүние есігін ашқан екен. Олар тұңғыш рет туған күнінде өз таңдауын жасайды. Ал жалпы, қала бойынша 140 869 адам сайдауға қатысады. Оның ішінде 18 жасқа толып тұңғыш рет қатысатындар 10 мыңнан асып отыр. - Бақылаушылық міндетті сайлау комиссиясымен бір мезгілде бастайсыздар ма? - Бір мезгілде десе болады. Таңғы 6-дан өте сол жерден табыламыз. Сайлау сағат таңғы 7-ден кешкі 20-ге дейін жалғасады. Жауапты науқан аяқталған соң, заңға сәйкес біз дауыс санауға қатыспаймыз, тек бақылап тұрамыз. Бүгінгі күнге дейінгі дайындық барысын сараласақ, сайлау ұйымдасқан түрде өтеді деп ойлаймын.