6 шілде. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 6 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
63 жыл бұрын (1963) VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі Лұқбек Шабданұлы ТҰМАШИНОВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Үлкен-Нарын ауданында дүниеге келген. Нежин педагогикалық институтын (1985) «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Жұлдыз ауылындағы мектепте мұғалім; аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы (1987); аудандық комсомол ұйымының басшысы (1989-1991); аудандық сатып алу мекемесінің басшысы, аудандық тұтынушылар одағы (1992); «Шарапат» сақтандыру компаниясы филиалының директоры (1996); «Элхон» ЖШС директоры (2004); Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (2011).
2023 жылдың наурыз айынан бері қазіргі қызметінде.
«Құрмет» (2011), «Парасат» (2018) ордендерімен марапатталған.
45 жыл бұрын (1981) Қарағанды облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы Елнар Бекенұлы УАХИТОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолы: «Қарағанды Жылу» ЖШС логистика бөлімінің маркетинг және сапа жөніндегі менеджері, «Караганда Тех Сервис» ЖШС директоры (2003-2005); «Маркетингтік және аналитикалық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдігінің консультанты, Астана қаласы (2005-2006); «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарының бас маман-кеңесшісі міндетін атқарушы (2006); Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі бас маманы — кеңесшісі (2006-2007);
«CNRG Capital» ЖШС өкілдігінің директоры, Астана қаласы (2008); «Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары (2008-2009); Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі (2009-2010);
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі (2010); «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары (2010-2011); «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ көлік және коммуникация бөлімінің басшысы (2011-2013); «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ Шахтинск қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы (2013-2014); Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары (2013-2017); Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары (2017-2019); Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары (2019-2025).
2025 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
43 жыл бұрын (1983) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары — Басқарма мүшесі Ғалым Үсен АСҚАРҰЛЫ дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Осака университетін (2008) экономика және бизнес бакалавры дәрежесімен; Гарвард университетін (2023) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолы: Simplex Inc. компаниясының аға қызметкерлері, Токио, Жапония (2008-2011); «Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бөлімінің бастығы (2009-2010); Simplex Inc. компаниясының кеңесшісі, Токио, Жапония (2012-2014); Simplex Inc. компаниясының аға кеңесшісі, Токио, Жапония (2015); Deloitte Tohmatsu Consulting LLC компаниясының менеджері, Токио, Жапония (2016-2018); «Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ бас сарапшысы (2019); Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры (2019-2020 жылдың тамызы); BI Innovations ЖШС корпоративтік шешімдерді цифрландыру департаментінің директоры (2020 — 2021).
2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.