6 шілдеде Азия чемпионатында екі қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады
АСТАНА. KAZINFORM — Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде 23 жасқа дейінгі санаттағы қос боксшымыз дебют жасайды.
Күндізгі сессия. 10:00 (Қазақстан уақыты)
14-жұп. 65 келі. 1/8 финал
Асылхан Көшербай - Дечен Доржи (Бутан)
Кешкі сессия. 15:00 (Қазақстан уақыты)
4-жұп. 60 келі. 1/8 финал
Нұрасыл Төлебек - Дамир Мубалихонов (Тәжікстан)
Айта кетелік Қазақстан бокс құрамасы халықаралық оқу-жаттығу жиынына аттанған еді.